«Lesson study» – білім берудің тың тәсілі

img 20200220 wa0068 Білім

Atr.kz/20 ақпан, 2020 жыл. Атырау қалалық білім бөлімінің жоспарлы тапсырмасына сәйкес, Х.Доспанова атындағы мектепте ерекше семинар өтті. «Lesson study – оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі» атты жаңа тәжірибе алаңы серіктес тірек мектептер мұғалімдеріне арналған.

Сөйтіп, ұстаздар сыныптағы іс-әрекет пен сабақтың өту барысын зерттеп қана қоймайды. Оның нәтижесін әріптестерімен бөліседі. Шараның басты мақсаты да – осы. Яғни, мұғалімдер іс-тәжірибе алмасу арқылы білімдерін жетілдірді. Жалпы, аталған білім ұясында 30 мұғалім «Lesson study» әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша арнайы курстан өткен.

Семинар аясында қалалық білім бөлімінің әдіскері Айгүл Зинұрқызы жаңартылған білім жүйесінде қолданылатын түрлі әдістерді тиімді пайдалану жайына тоқталды. Айта кетейік, осы тектес шаралар мұнда тұрақты өткізіліп тұрады. Мектеп директоры Дулат Далиев білім сапасын көтеру – басты міндет болғандықтан, мұндай мазмұндағы семинарлар жалғасын табатындығына сендірді.

Гүлмира Каршагина,

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

img 20200220 wa0060
img 20200220 wa0064
img 20200220 wa0058
img 20200220 wa0061
img 20200220 wa0065
img 20200220 wa0059
img 20200220 wa0063
img 20200220 wa0066
img 20200220 wa0067
img 20200220 wa0062 1

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-toңazytқyshta-өlgen-sәbi-oқiғasy-bojynsha-үshinshi-dәriger-ұstaldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз