Ғылым және жоғары білім министрі – Атырауда

220809132018296e Білім


Бүгін жексенбіде Атырауға жұмыс сапарымен еліміздің ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келді.
Министр алдымен төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық жедел штабта болды.

Өңірде көктемгі су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Бекітілген кесте жоспарға сәйкес, республикалық ведомоство басшысы нақты жұмыстар жүзеге асырылып жатқан учаскелерге шығып, жағдайды көзімен көрді. Нақтылай кетсек, министр аймақ басшыларымен, штаб басшыларымен бірге Жайық өзенінің бойында орналасқан Алмалы, Бесікті (Атырау қаласы) ауылдарына атбасын тіреп, осы аумақтарда тұрғызылып жатқан бөгеттердің жай-күйімен, көмекке келген адамдарға туғызылып жатқан жағдаймен жете танысады. Түстен кейін ол С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде жергілікті ғалымдармен кездеседі.
Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз