Баннер 9 мая от газеты Атырау

«БІЗ ЖЕҢІСТІ ЖЫРЛАЙМЫЗ»

Осындай тақырыппен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай облыстық көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасы мен қазақ соқырлар қоғамы клубы ұжымының ұйымдастыруымен әскери ән байқауы өткізілді. Оған қазақ соқырлар қоғамының Атырау облыстық филиалына қарасты өнерпаздары қатысты.

 

– Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды, – деді шараны ашқан аталмыш кітапхана басшысы Алуаш Жалмұхамбетова. -Ұлт тарихындағы елеулі оқиға–1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысы. Бүгінгі шара сол оқ пен от кешкен майдангерлер рухына арналып, олар туралы әскери патриоттық әндерді орындаушы зағиптар қоғамының өнерпаздарына шығармашылық сәттілік тіледі.

Байқаудың қорытындысында қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынды атыраулық  Данияр Идаятов, 2-ші орынды қызылқоғалық Абылай Әділбеков иеленсе,3-ші орын құрманғазылық Ербол Имашевке бұйырды. Ал, Бас жүлдені қызылқоғалық Талғат Хами еншіледі. Сондай-ақ, тыңдаушылардың көзайымы болған құрманғазылық ағайынды Шамбозовтар дипломмен марапатталды. Басқа да өнер көрсеткендер Алғыс хат пен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз