Алдағы Ораза айына коронавирус қаншалықты әсер етпек?

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл. Елімізде енгізілген коронавирус инфекциясынан сақтану шаралары шеңберінде Бас мүфти Наруызбай қажы Тағанұлы халық көп жиналатын Жұма намазына қатысты шұғыл нұсқаулар берген болатын. Осы орайда, 23 сәуірде басталатын қасиетті Ораза айында да шектеулер бола ма? Біз мұны Қазақстан Мұслымандары діни басқармасынан сұрастырып көрген едік. Аталған басқарма мамандары әзірге толыққанды ақпарат бере алмайтындарын жеткізді. […]

Continue Reading

Атырауда супермаркет басшылары азық-түлікке тапшылық болмайтынын айтты (+ВИДЕО, ФОТО)

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл. Кеше, Атырау қаласындағы ірі супермаркеттерде сауда-саттық көлемі айтарлықтай өсті. Әсіресе, тұрғындар жеке бас гигиенасы құралдары мен ұн, макарон өнімдері, консервіленген ет секілді тауарларды басқа күндерден әлдеқайда көбірек сатып жатты. Олардың бірі АҚШ доллары бағамының өзгеруін алға тартса, енді бірі дүниежүзіндегі коронавирус пандемиясымен байланыстыруда. Облыс орталығындағы белгілі супермаркет басшылығы сауда ауқымының ұлғаюын […]

Continue Reading

Енді жемқорлықпен ұсталған басшылар отставкаға кетіп, лауазымдарынан айырылады

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл. Өткен жылдың 10 желтоқсанынан бастап бірінші басшылардың өздеріне тікелей бағынышты адамдарының сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін дербес тәртіптік жауапкершілікке тартылуына қатысты заң күшіне енгені белгілі. Кеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімов «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарындағы жаңашылдыққа түсінік берді. […]

Continue Reading

Атырауда жеке клиникалар тұрғындарға тегін қызмет көрсетпек

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл.  Облыста Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 27 жекеменшік  клиника тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді.  «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбектің айтуынша, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және аталмыш сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында барлығы 92 мекеме бар. Оның 38-сі […]

Continue Reading

Атырауда медициналық маскалар аспандаған бағамен сатылып жатыр

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл.  Бүгінде  облыс орталығындағы дәріханаларда  бір реттік қолданылатын бетперделер тапшы. Кейбір дәріханалар «Маска жоқ!» деп кассаларының терезесіне алдын ала жазып қойған. Қаланы шарлап, іздеп тапқандарының бағасы бұрынғысынан 3-4 есеге аспандап тұр. Бұрын 30 теңгеден сатылған бұл тауардың қазіргі бағасы – 130-150 теңге. Бетперде саудасының бұлайша қызуының бірден бір себебі де белгілі. Бұл  […]

Continue Reading

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында емханаға қалай тіркелуге болады?

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл.  «Бұл таңдау  елімізде жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткізілетін емханаға тіркелу науқанында жүзеге асады. Осы кезең ішінде азаматтар өзі қалаған емхананы таңдау мүмкіндігі бар» дейді www.atr.kz сайтының сұрағына жауап берген «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбек.                                                     Алайда, филиал директоры  емхана […]

Continue Reading