Махамбет ауданының тұрғындары Мақатқа эвакуацияланады

kpkpkp Жаңалықтар

Атырау облысының Мақат ауданында 560 орындық эвакуациялық пункт дайындалды.
Бұл орындар мектептерде, спорт кешендерінде және жергілікті колледжде жасақталып жатыр, – деп хабарлайды облыстың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

Мақат кенті, Доссор поселкесі және Бәйгетөбе ауылында барлығы 9 эвакопункт дайындалуда.

–Қажетті төсек-жабдықтармен қамтамасыз етілген эвакопункттер қатарында М.Баймұханов атындағы орта мектеп, Х.Санбаев атындағы орта мектеп, Мақат мұнай-газ технологиялық колледжі, Мақат аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Мақат аудандық №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар. Тасқын қауіпі төнген жағдайда бұл эавкопункттерге Махамбет ауданынан тұрғындарды уақытша көшіру жоспарланған, – делінген аталған штаб таратқан хабарламада.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз