Жылыойда 6000-нан астам отбасы гуманитарлық көмек алды

bez imeniysysysysys e1715337390224 Жаңалықтар

Жылыой ауданында қоғамдық штаб құрылғалы бері гуманитарлық көмек Құлсарыдағы белгіленген төрт пункт арқылы таратылуда, – деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

Сегізінші мамыр күні №7 мектепте 234 отбасыға гуманитарлық көмек берілді.
–Тұрғындарға төсек жабындылары, гигиеналық заттар, азық-түлік сынды гуманитарлық көмек түрлері таратылуда. Құлсарыда төтенше жағдай басталғалы бері бірнеше мәрте көмек алған отбасы саны 6000-нан асты, – деді Жылыой ауданындағы төтенше жағдай жөніндегі қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз