Жылыойда Майкөмген ауылынан 300 орындық орта мектеп салынады

0 28 Жаңалықтар

Майкөмген ауылынан 300 орындық орта мектептің құрылысы биыл басталады. Қазіргі уақытта жоба бойынша тендерлік рәсімдер жүруде.

«Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Жылыой ауданының әкімі Халел Жамаловтың өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар жөнінде берген есебі барысында айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Жиын барысында аймақ басшысы әлеуметтік нысандар құрылысын сапалы тұрғызып, нысандарды уақытында пайдалануға беруді тапсырды.

«Қазіргі уақытта Құлсары қаласында 300 орындық №5 орта мектептің және 580 орындық №6 орта мектептің  құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысандар құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарда тұр.

Медицина саласын жақсарту мақсатында Құлсары қаласынан 75 орындық орталық ауруханасының құрылысы басталды. Ал, 200 орындық модульдік аурухананың құрылысы биыл  І жарты жылдықта аяқталады. Жергілікті билік сапаға және нәтижелі жұмысқа назар аударуы тиіс» деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз