IMG 20181223 152125 1

«Жақсылық жаса!»

Жаңалықтар Мәдениет Шаһар шырайы Қоғам

Осындай ұранмен Достық үйінде «Довира» («Довіра») украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық концерт өтті. Оны мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасы балалары тамашалады.

Алдымен, Достық үйінің өнерпаздары, атап айтқанда, «Тропикана» би, «Фантазия», «Хуторянка» вокал топтары және «Фламинго» студиясы мен «Мрия» дуэті әсем әнге салып, мың бұрала биледі. Осыдан кейін Аяз ата мен Ақшақар келіп, балалармен әңгіме-дүкен құрды. Одан әрі шара жаппай флешмоб пен «сабын көбігі» шоуына ұласты.

Украиндық этомәдени бірлестік басшысы Виктория Синицынаның айтуынша, Украинада 5 желтосқан күні ізгілік күні аталып өтеді екен. Ол осындай шараны Атырауда да дәстүрлі түрде өткізуге болатынын айтады. Ата-аналардың бірі Зоя Бисемалиева ұлы Эльдардың бұл кештен ұмытылмастай әсер алғанын айтып, ізгілікті іс жалғасын тапса деген тілегін жеткізді.  Соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, жиналғандарға демеушілер ұсынған сыйлықтар үлестірілді.

dig

cof

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суреттер автордікі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған