Зейнеткерлікке қалай ерте шығуға болады?

dolzhen li pensioner platit nalog na imushhestvo Жаңалықтар

Ерлер мен әйелдердің зейнет жасынан сегіз жыл ертерек шығу жолын «Біріккен жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы өңірлік желісінің кеңесшісі  былай деп  түсіндірді.

– Әйелдер зейнетақы қорында 12 млн. теңге жинаса, 50 жасында зейнетке шыға алады. Ал, ерлер 9 млн. теңге мөлшерінде жинаса, 55 жасында зейнеткер атанады, – деді.

 

86490853

Әйелдердің ерлерге қарағанда жинақ жинау сомасы неге көп? Себебі, Қазақстанда ерлерге қарағанда, әйелдердің зейнет жасынан кейінгі өмір сүру кезеңі ұзағырақ. Жалпы алғанда, жаңа зейнетақы жүйесі қоғамда «қанша көп еңбек етсең, сонша көп зейнетақы аласың» ұғымын қалыптастыруға бағытталған. Осы бағыт бойынша зейнеткер атанған адам мемлекеттен әлеуметтік көмек алмай-ақ өмір сүретін болады.

Мұны естіген жұрт «осындай ақша жинайтын болсам, үй алмаймын ба?» деген сыңайда ойлайтыны анық. Десе де, бұл – қомақты қаражат табатындарға арналған ұтымды ұсыныс. Еліміздегі алпауыт компанияларда жұмыс жасайтын кейбір жоғары санатты тұлғалардың жалақыны «күректеп» табатыны жасырын емес. Ендеше, өз қарттығын қамтамасыз етіп, ертеңіне қор жинап, демалуды ойлаған адамдарға бұл жоба тиімді болары анық.

Аннуитет деген не?

Ол – өмірді сақтандыру жөніндегі компанияға салынған тұрақты салымдар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсының мәліметінше, шарт жасасу арқылы ерлер 55 жасында және әйелдер 50 жасқа толғанда зейнетке шыға алады. Бірақ, ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болуы керек.

Біріншіден, Семей ядролық сынақ полигоны салдарынан зардап шеккен азаматтар айрықша әлеуметтік қорғауға ие болғандықтан, 1949 жылдың 29 тамызынан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұрған 45 жастағы әйелдер. Екіншіден, бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер және зейнетақы аннуитетін иелену жағдайындағы жинақтары жеткілікті 50 және 55 жастағы адамдар.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз