Баннер 9 мая от газеты Атырау

Ұлттық дәстүр жаңғырған күн

img 20240320 wa0299 Жаңалықтар


Наурыз мерекесі қарсаңында Еркінқала ауылындағы «Нұрлы тал» этноауылында облысы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссиясы мен «Атырау облысы әйелдер күштері Альянсының ұйымдастыруымен «Құлақ тесу» дәстүрі өтті.

Ұмытылып бара жатқан қазақ дәстүріндегі құлақ тесу атты ежелгі ғұрыпты қайта жаңғыртуды мақсат тұтқан іс-шараға Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Альфия Адиева қатысып, Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз мерекесі қарсаңында өткізіліп отырған «Құлақ тесу» шарасының маңыздылығына тоқталды.
– Құлақ тесуде де тәрбие жатыр. Қазақта қыз баланың өміріндегі айтулы күн – құлағын тесу. Қыздың құлағын көп жағдайда тек жеті жасынан бастап тескен. Тұлымшағы желбіреген кішкентай қыз жеті жасқа дейін қуыршақ ойнаған болса, құлағы тесілгеннен кейін қолына кесте алады. Осыдан бастап «сырғалы қыз болады» Қыз баланың құлағын тек сәндік үшін, әдемілікке бола теспейді. Бұл да – тәрбиенің бір түрі. Мұны қыз баланы ертеңгі күні келін болуға дайындаудың алғашқы баспалдағы деп айтуға болады. Ұл баланы сүндетке отырғызған сияқты, қыздың құлағын тесу де – бірдей, ата -анаға парыз болып саналады, – деді А. Даулетқалиқызы.


«Құлақ тесу» дәстүрі балалар үйіндегі тәрбиеленуші және әлеуметтік осал топтағы көп балалы отбасылардың 5 жастан 9 жасқа дейінгі 7 қыз балаға жасалды. 
Іс-шарада сырғалы қыздарға Қалампыр әжей ақ тілек, батасын жолдады. Тәрбиесі мол тағылымды жиынға қатысқан мемлекеттік қызмет ардагерлері Тамара Амантурлина, Жанат Асабаева, Атырау дизайнерлер қауымдастығының Президенті Айсұлу Оразбаева, қоғам қайраткері Нұрлы Айтиева жылы лебіздерін білдірді.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз