Тұрғын үй қалашығы мен Авангард көпірінің бір бөлігі жабылады 

d8500df2 5f12 4364 ab75 549da8d5c751 Жаңалықтар

Өңірде жол жөндеу жұмыстарына байланысты «Тұрғын үй қалашығы-Авангард» көпірінің бір жақ бөлігі 20 маусым сағат 10:00-ден бастап жабылады. Көлік қозғалысы үшін автокөлік жүргізушілеріне бір жолақтан жүру қарастырылған.

Сонымен қатар, ертеңнен бастап  “Әуезов” көшесін қайта жаңғырту мақсатында “Оңдасынов-Волгоград” аралығындағы 350 метр аумақ құрылыс монтаждау жұмыстарына орай жабылады.

Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізіледі.

Атырау қаласының әкімдігі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз