ШҰҒЫЛ! Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттайды

unnamed file 17 Жаңалықтар
«1 наурыздан бастап елімізде барлық бағыттағы әлеуметтік маңызы бар облысаралық және қала маңындағы теміржол билеттері қымбаттайды» деп хабарлайды Atr. kz «Жолаушылар тасымалы» компаниясына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда коронавирус пандемиясына байланысты барлық мемлекетаралық пойыздар тоқтатылды. Ал, ішкі тасымал шектеліп отыр.

«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7%-ке артады», – делінген ресми хабарламада.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ресми сайтында көрсетілген мәліметке сәйкес, республика бойынша 166 бағытта жолаушылар мен қала маңындағы пойыздар жүреді. Олар мемлекет тарапынан судсидияланатын әлеуметтік маңызы бар 106 пойыз.

Сондай ақ, компания алдағы үш айда пойыздар қатарын 50 жаңа вагон толықтыратынын хабарлап отыр. Бұл вагондар «Алматы – Маңғыстау», «Қызылорда – Семей», «Алматы – Өскемен» және «Нұр-Сұлтан – Семей» бағыттары бойынша қатынайды деп күтілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз