Шұғыл! Мемлекеттік гранттар иегерлерінің есімдері жарияланды

img 20210814 wa0092 Жаңалықтар

👨🏻‍🎓2021-2022 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

👨🏻‍🎓Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 75 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Биыл «Білім беру» және «Денсаулық сақтау» білім беру бағыттары сұранысқа ие болды. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құқық, дизайн, менеджмент және басқа да бағыттар сұраныста.

👨🏻‍🎓Грантқа үміткерлер арасында 8 мыңнан астам «Алтын белгі» иегерлері, 800-ден астам халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың 520 жеңімпазы бар. Ұпайлар тең болған жағдайда, олардың басым құқығы болды.

👨🏻‍🎓Ендігі кезекте мемлекеттік білім гранты иегерлері оқуға қабылдану үшін құжаттарын жоғары оқу орындарына 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс.

Грант иегерлерінің тізімі⤵️⤵️⤵️

@bilim_jane_gylym
https://t.me/bilim_jane_gylym/1777

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз