Шахматшылар ширақтық танытты

img 20210805 wa0039 Жаңалықтар

Шымкент қаласында 8-18 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында шахмат спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап өткізілген болатын. Жарыстың ережесі бойынша шахматшылар «классика», «рапид», «блиц» аталымдары бойынша сынға түсіп, еліміздің ең үздік мықты шахматшыларын анықтады. Осы жарысқа облыстың намысын 2021 жылғы облыс чемпиондары қорғады.

Он күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша атыраулықтар 6 медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын, үшеуі қола медальдар. Үш аталым бойынша алтын алқа иегері атанған 2019 жылғы әлем чемпионы, спорт шеберлігіне үміткер Зарина Нұрғалиева ие болды. Техникалық мектептің оқушысы Рахманберді Алиасқар «рапид» пен «блиц» аталымдары бойынша күміс алқаға қож жеткізді. Бір қола «Апек» колледжінің студенті Әмірәлі Абзаға бұйырды. Спортшылардың ата-аналары жарысқа қолдау көрсеткен облыстық спорт басқармасының басшыларына, сондай-ақ басқармаға қарасты №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінiң жаттықтырушылары халықаралық спорт шебері Жәнібек Аманов пен аға жаттықтырушы Сабырай Гайсинге зор ризалықтарын білдірген болатын.

         Айта кету керек, Зарина Нұрғалиева тамыз айының соңында өтетін әлем кубогінде сайысқа түсетін болады.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз