11

Қыс мезгілінде коронавирус жойылып кете ме?

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/4 қараша, 2020 жыл. Коронавирус төмен температурада жойылмайды. Күн суық болғанда вирус қатып қалады, алайда жылы ортаға түскенде қайтадан күшейеді.

Сонымен қатар суық мезгілде COVID-19 инфекциясының таралуы күшеюі мүмкін. Себебі ол уақытта адамның иммунитеті төмендейді. Бұған күн суық кезде бөлменің аз желдетілетіні, адамдардың көшеге қарағанда жабық ғимарат ішінде көп жүретіні де әсер етеді. Бұл пікірді сарапшыларға сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.

«Температура неғұрлым төмен болса, вирус сыртқы ортада соғұрлым ұзақ сақталады. Қатып қалған кезде вирус белсенді болмайды, бірақ жылы болған кезде қайта жанданады. Барлық инфекция осылай әрекет етеді», – деді инфекционист, вакцинолог Евгений Тимаков.

Бұл пікірмен вирусолог, медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейн де келіседі. Ол да вирустардың ешқашан суықтан өлмейтінін, минус 196 градуста да, минус 20 градуста да жақсы сақталатынын айтты.

Альтштейн күннің суытуы адамдардың иммунитетін төмендетуі мүмкін екенін, ол аурудың таралуына да әсер ететінін айтты.

«Суық ауа коронавирустың таралуына әсер етеді, өйткені салқын болған сайын адамдар терезені жауып, аз желдетеді. Көшеге қарағанда үй-жай ішінде көбірек уақыт өткізеді. Соған байланысты вирус адамдармен тығыз қарым-қатынас кезінде желдетілмеген жерде таралады», – деп атап өтті Тимаков.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус диагнозы 113 309 адамда ресми түрде тіркелді. 1 861 науқас қайтыс болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған