ОҚУЛЫҚТАР УАҚЫТЫНДА ЖЕТКІЗІЛСІН

Мектеп оқулықтарын жеткізу мерзімін бұзған жергілікті атқарушы органдар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы   Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi  Бiлiм беру және ғылым саласындағы бақылау комитетiнiң төрағасы Саят Нүсiпов мәлім етті. Брифингте өңiрлердегi мектептердiң оқу жылына дайындығы туралы мәселе қаралған болатын.

 

«Жекелеген өңірлерде қаржыландырудың кешіктірілуіне орай, мектептерді оқулықпен толық қамтамасыз ету мәселесінде біршама тәуекелдер әлі де сақталуда», – деді Саят Нүсіпов.

Еске сала кетсек, министрліктің мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күні Астана және Алматы қалаларындағы мектептерге оқу құралдарының 98 пайызы жеткiзiлген болса, кейбір өңірлерде жағдай төмен. Мәселен, Қостанай облысында оқулық жеткізу – 12,5 пайыз, Ақтөбе облысы – 18 пайыз, Шығыс Қазақстан облысы -12, Маңғыстау облысы -38 пайыз, Қызылорда облысы -18 пайызды құрап отыр.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз