Облыстың туристік логотипін жасау конкурсынан бас тартты

68606f6da685b1ec508fad985b4ca26f generic Жаңалықтар

Atr.kz / 17 шілде, 2020 жыл. Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы облыстың туристік логотипін жасау конкурсынан бас тартты.

Еліміз ішкі туризмді дамытуға соңғы жылдары ерекше көңіл бөліп келеді. ҚР Үкіметінің туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде

«Облыстың туристік логотипін жасау» қызметі қарастырылған болатын. Ондағы мақсат — өңірдің брендін және ұранын дайындаудың мақсаты, өңірде ішкі туризмді дамыту, өңірдің информациялық алға жылжыуына жәрдемдесу болып табылады.
Қазіргі уақытта әр өңірдің өзіндік  логотипі мен бренді жасақталған және де бұл облыстың ерекшелігін танымал етуге үлкен мүмкіншілік беріп отыр.

Сондай-ақ, Қазақстанның өзге өңірлердің бірқатарында аталған  туристік логотипі бар. 2020 жылдың 15 маусым күні  «Атырау облысының туристік логотипін жасау» жөніндегі мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс жарияланды. Конкурстың бірінші кезеңінде қатысушы болмауына байланысты,  мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес 2020 жылдың 14 шілде екінші рет  ашық конкурс тәсілімен қайтадан жарияланды. 

Бұл конкурс бойынша өңірдің логотипі электронды түрде жасақталып,   онлайн режимінде сұраныс жүргізіп, логотип таңдалып, сараптық комиссия қарауына ұсынылады деп жоспарланған болатын.  

Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда облыстағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарланған туристік логотипті жасақтауды қысқартты. Оған бөлінген 3,7 млн. теңге қаржыны бюджетке  қайтару туралы шешім қабылданды.

«Атырау облысының коммуникациялар қызметі»  

https://atr.kz/bez-rubriki/koronaviruspen-kures-atyraudagy-zheke-notariustar-qajyrymdylyq-akciяsyn-bastady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз