Әнші Ернар Айдар құлсарылық қос ғашыққа «Күнім, сен сөнбеші!..» атты клип түсірді

ernar aydar kunim sen sonbeshi Жаңалықтар

Отадан отаға дейінгі өмір. Он алты жасынан бастап, белгісіз ауруға шалдығып, ақыры бір өкпесін алдыртып тастауға мәжбүр болған Әнел – бұл қиындықтың ащы дәмін татқан жан. Жеті түрлі диагноз қойылған соң бір өкпесін алдыртып, жағдайы дұрыстала түскендей болғанда, қаршадай қыз тағы бір сынаққа тап болды. Көп дәрі ішкеннен асқазан, ішек құрылыстары ауырып, жүрегі де сыр бере бастаған. Кейін тағы да ота жасалып, нәтижесінде салмағы он келілік оттегі баллонын тағып жүруге мәжбүр болған-ды. Алайда, осы ауыртпалықтың бәрін артта қалдыруға Әнелге қиын шақта қасынан табылған Марленнің махаббаты көмектескен болатын.

ernar-aydar-kunim-sen-sonbeshi

Ертегіге бергісіз құлсарылық қос ғашықтың баянды махаббатын елімізде білмейтін адам кемде-кем. Әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді жүргізетін Әнел әрқашан өміріндегі жаңалықтарымен бөлісіп, еліміздің әр түкпірінен тапқан достарымен пікір алмасып отырады. Адал махабаттың айнымас символына баланған екі жас туралы кино түсірілсе деген пікір жиі айтылатын еді. Таяуда сол тілектер орындалды. Тек кино емес, бейнебаян түсірілді.

Әдемі ән. Шынайы сюжет. Жарасымды жұп. Адал махаббат. Танымал әнші Ернар Айдардың «Күнім, сен сөнбеші!» әніне түсірілген бейнебаянды көрген сәтте-ақ ойымызға осы тіркестер орала берді.

Шынайы сезімнің арқасында бәрін де жеңуге болатынын дәлелдеген нағыз жігіт пен ақылына көркі сай нәзік қыздың өмірін бейнелейтін жаңа туынды көрермендер көңілінен шығуда. Бірі «жылап алдық» десе, енді бірі «бақыт тілейміз» деген шынайы сезімдерін жеткізуде.

Ал, әннің орындаушысы Ернар Айдар өз парақшасында: «Марлен мен Әнел – менің жаңа бейнебаянымның басты кейіпкерлері. Өмірде шын мәнінде таң қалатын, тамсанатын ғашықтар. Менің тілегім – күндерің сөнбесін!» деп ізгі ниетін білдіріпті. Біз де қосыламыз!

Гүлжан ӘМІРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз