Назар аударыңыз! Атырауда оқушылар арасында шығармашылық БАЙҚАУ жарияланды

egengege Жаңалықтар

«Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді».

Халқымызда әйел-ана бейнесі осы бір ауыз сөзбен-ақ ұғынықты. Бір шаңырақтың ғана емес, бүтіндей бір әулеттің, тайпа мен елдің берекесін келтіріп, сән-салтанатын арттырған асыл аналар ұлт тарихында аз емес.

«Атырау» газетінің редакциясы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай V-XI сынып оқушылары арасында «Әлемді әлдилеген Ана» атты облыстық шығармашылық байқауын жариялайды.

  • Байқаудың басты шарттары:

– қазіргі заманға сай ізгілікті де ерлік істерін жасап, өзі елеусіз қалғанды ұнататын әйел-аналар туралы эссе жазу;

– «Байқауға» деген белгісі болуы;

– шығарма көлемі 2 (екі) беттен (А4 парақ, шрифт – Times New Roman, кегль 14) аспауға тиіс.

  • Мақсаты:

– ана образын қоғамға өнеге етіп көрсету;

– шығармашыл жастарды оқырманға таныту.

Конкурс аталмыш мереке қарсаңында қорытындыланады. Үздік шығармалар басылымның мерекелік санында жарияланып, иелеріне арнайы сыйлықтар беріледі. Байқау жеңімпаздарын редакция алқасы анықтайды. Ендеше, бағыңды сына, жас өрен!

Материалдар 26 ақпанға дейін қабылданады.

  • Байланыс телефоны: 45-86-43.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз