ҚАЗЫ АЙНАЛДЫРАТЫН КОМБИНАТ

Шұжықтың ондаған түрін шығаратын «Silla» ет өңдеу комбинатындағы жұмыс бір сәтке де тоқтаған емес. Мұнда айына 180 тонна ет өнімдері шығарылады. Тауық, сиыр етінен өзге жылқы етінен қазы айналдырылады.  

Отандық өнімнің бұл түріне сұраныс жоғары. Әсіресе, ұлттық мерекелерде сатып алушылар қатары еселенеді. Ақтөбедегі «Silla» ет өң­деу комбинатының жұмысы   көпшіліктің көңілінен шығуда. Оның өнімдері қазір қа­ланың ғана емес, облыс тұрғын­да­ры­ның сынынан сүрінбей өтіп, күн­делікті тұтынатын тауарларына ай­налған. Сапалы өнімнің сұранысы жо­ғары болғандықтан, 900-ден астам дү­кен, супермаркеттердің сөресінен осы комбинаттың шұжықтарын кө­руге болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз