«Күншуақтан» қуанып қайтты

   Алматы қаласында «Күншуақ» халықаралық балалар шығармашылығының фестивалі өтті. 

 Алтыншы мәрте ұйымдастырылған байқауға Атырау қаласының Томарлы селосындағы Қайыршақты балалар саз мектебінің өнерлі балалары қатысып, үлкен табыспен оралды.
 Еліміздің әр өңірінен келген өнерпаздардың арасынан вокал номинациясы бойынша Қайыршақты балалар саз мектебінің оқушысы Надира Жексенбай бас жүлдені иеленді. Хореография номинациясынан осы мектептің «Сәукеле» би ансамблінің кіші топтары да гран-при сыйлығына лайық деп танылды.
 Домбыра номинациясы бойынша Дархан Нығыметов, күйсандық аспабынан Надира Жексенбай, Томирис Матжан, сырнай аспабы бойынша Алмаз Бауыржанов бірінші орынға ие болды. Екінші орынға хореографиялық өнерден «Шұғыла» бишілер тобы, домбыра тартудан Эльназ Өміржан лайық деп танылды. Домбыра аспабы бойынша Айкөркем Жұмагелді үшінші орынды еншіледі.

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ.
Суреттерді түсірген автор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз