Халықаралық суретшілер симпозиумы өтті

41335292 268459920447983 8415664958734902918 n Жаңалықтар

«Сұлулық әлемді құтқарады» деген атаумен Атырау қаласында халықаралық суретшілер симпозиумы өтті.  

41335292_268459920447983_8415664958734902918_n

Оған Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы, орынбасарлары – Мейірім Қалауи, Полымбет Хасанов, мәдениет бөлімінің басшысы Ақылбек Рысқалиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Талтенов қатысты. Шара барысын Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Алматы облыстық филиалының төрағасы Ермұхан Жүнісхан жүргізіп отырды. Онда әлемдік дағдарыстағы суретшілер ролі, сурет өнерінің бүгінгі беталысы мен өзіндік даму деңгейі жайында мәселе көтерілді.

Ал, халықаралық «Түрксой» ұйымының өкілі Мехмет Мүләзімоглы, Кипр Таяу Шығыс университетінің өнер және мәдениет факультетінің деканы Ердал Айгенч, Ираннан келген Мохаммад Азамзаде және басқа да халықаралық деңгейдегі суретшілер шара қонағы болды.

Гүлдана ЖАМБОЗОВА

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз