arrapprpara

Қаңтар айында 4271 түлек ҰБТ-дан өтеді

Жаңалықтар

Atr.kz/9 қаңтар, 2020 жыл. Ұлттық Бірыңғай тестілеу Атырауда  қаңтар айының  16, 17 , 18 , 19 күндері өтеді. Тестілеуден өтетін топ 4 лекке бөлінеді.

Оған  Атырау қаласынан 2110 түлек пен  Мақат, Махамбет және Исатай аудандарынан 643 түлек қатысады. Ал, Құрманғазы,   Индер, Қызылқоға аудандары мен Құлсары қаласының түлектері тестілеуді өз өңірлерінде тапсырады.  

Еске сала кетейік, жоғары оқу орнының қазіргі қабылдау ережесі бойынша ҰБТ өткен жылдан бастап, жылына 4 рет өткізіледі. Қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында. Қаңтар,наурыз және тамыз айларында өткізілетін тестілеудің сертификаты мектеп бітіруші түлектерге тек ақылы  негізде оқуға мүмкіндік береді.

Ал, оқушы  мемлекеттік жергілікті атқарушы органдар бөлетін грантқа конкурсқа қатысатын болса, міндетті түрде маусым айында өтетін ҰБТ қатысады. Дегенмен, түлектерге  тестілеуді бірнеше рет тапсыруға болады. Себебі, әрбір тестілеу өз алдына нәтиже болып саналады.

Сондықтан да, мектеп бітіруші түлектердің барлық тестілеуге де қатысқанын қалаймыз , – деді Ұлттық тестілеу орталығы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі филиал жетекшісі Айнагүл Дүйсекенова. 

Мамандардың мәліметіне сүйенсек, республика бойынша Атырау облысы түлектерінің тестілеуге қатысу көрсеткіші  90%  құрайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған