Белгісіз әйел бір жасар сәбиін бөтен үйдің алдына тастап кетті

803 vypal 1 Жаңалықтар

Жамбыл облысы Мерке ауылы тұрғынының есік алдына белгісіз әйел бір жасар сәбиін тастап кеткен деп хабарлады өңірдің ішкі істер департаментіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан агенттігі.

803-vypal

Бір жастан енді асқан сәби үй қақпасының алдында жерде жылап отырған. Кішкентай қызды тастап кеткен әйел сәбиді бір айдан соң алып кететінін жазып хат қалдырыпты.

Бүлдіршінді ауыл тұрғыны 15 ақпан күні есік алдынан тауып алған. Ол қараңғыда қақпа алдында жылап отырған сәбидің даусын естіпті.

Сәбидің қасында киім-кешек салынған сөмке мен хат болған. «Аты Зере. 1 жас үш айлық. Бір ай қарай тұрсаңыз, келіп алып кетемін» деп жазылған қағазда.

Полиция қызметкерлері үй жанындағы дүкенде орнатылған бейнебақылау камераларын қарап, 30-35 жастағы азиат әйел қызын үйдің қасына әкеліп тастағанын анықтады.

Қазіргі уақытта күдікті іздестірілуде. Сәби аудандық орталық ауруханаға балалар бөліміне жеткізілген. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз