«Atyraý» газетіне – министрдің марапаты

42617409 2193499744256051 6085913206109241344 n Жаңалықтар

Елордада «Astana Media Weeк» аясында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ, халықаралық сарапшыларды ортақ алаңда тоғыстырған медиафорум өтіп жатыр. Форумда Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев әсіресе, өңірлік БАҚ алдында тұрған мақсат-міндеттерге назар аударды.

42617409_2193499744256051_6085913206109241344_n

– Мемлекеттік мүддені халыққа жеткізіп, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда аймақтық медианың маңызы зор. Осы орайда, қазіргі күні өңірлік ақпарат құралдарының алдында үлкен мақсат-міндеттер тұр. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық және рухани жаңғыру жөніндегі кешенді реформаларға жұртшылықты жұмылдыру, – деп атап өтті министр. ­

Министрдің пікірінше, былтырғы форумда аймақтық  бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан бірқатар мәселелер көтерілген. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұсыныстарды зерделеп, аймақтық медиа сапасын арттыру бойынша бірқатар шараларды іске қосты.

«Атап айтқанда, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қазіргі эфирлық-цифрлық ақпарат, телерадиохабарларды таратуды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аймақтық форумның көздеген тағы бір мақсаты ­– ел тұрғындарының медиа сауаттылығын арттыру, медиа мәдениетін қалыптастыру. Жалпы, аймақтық журналистер тарапынан осындай мәселелер көтеріліп, оның белгілі бір деңгейде шешімін табуы форумның пайдалы тұсын аңғартады. Алдағы уақытта аймақтық форум өзара пікір мен тәжірибе алмасудың тұрақты алаңына айналады деп сенемін. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өңірлік масс-медианың сапасын арттыратын кез келген бастаманы қолдауға әзір», – деді Дәурен Абаев.

Форум аясында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев биыл шыға бастағанына 95 жыл толған «Аtyraу» газетінің  өңірлік басылымдар арасындағы маңызын атап айтты. Ғасырға жуық мерзімде оқырмандарының саны артып,  сапалы мақалалар мен сараптамаларды ұдайы жариялап келе жатқан «Аtyraу» газетінің ұжымын мерейтойымен құттықтап, басылымның  бас редакторы Исатай Балмағамбетовке Алғыс хат тапсырды.

–Министр газеттеріңіз мазмұнды, сапалы, осы бағыттан таймаңыздар деп мерейімізді өсірді, – деді Исатай Құндызбайұлы.

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз