Атырауда жоғалған жас жігіт іздестіріліп жатыр

210207091103781e Жаңалықтар

«Атырау қаласына таяу орналасқан Қайыршақты ауылынының тұрғыны, 1991 жылы туған Наурыз Әйтекешов 5 ақпанда кешкі мезгілде үйінен шығып кеткен.

Оны 5 ақпанда бір үйде тұратын тұрғындар іздеген. Алайда, 30 жастағы жігіт әлі табылған жоқ. 6 ақпан, сағат 18:25-тен бастап жоғалған азаматты іздестіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 16 қызметкер, 7 техника, 2 кинологиялық есеп, облыстық Полиция департаментінен 10 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды» делінген Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз