Атырауда сәбиді хиджама әдісімен емдеу дерегіне қатысты тексеру аяқталды

59e015a54dc24286aed09ba76f7bd2b0 Жаңалықтар

Бұл туралы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаура Ахметнияз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облысы прокуратурасының сұрауы бойынша бұл факті тексерілді. Тексеру іс-шаралары аяқталды. Оның нәтижесі бойынша заңсыз медициналық қызмет жасалғанын анықтадық. Хиджама әдісін өз ұйымына лицензия алмаған медбике жүргізген. Сонымен қатар, оның тиісті қызметпен айналысуына рұқсат беретін сертификаты да болмаған», – деді Л. Ахметнияз.

Оның айтуынша, тексеріс аясында аталған факті бойынша әкімшілік айыппұл салынды. Материалдар прокуратураға, полиция департаментіне жолданды.

«Енді біз аумақтық департаментпен бірлесе отырып осы мәселені пысықтап, аталған тәсілге қатысты орталықтың қызметіне тыйым салу туралы сотқа талап-арыз түсіреміз», – деді комитет басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз