ff251cb0 4fe9 4898 beef e47b6cfacaec

Атырауда өңірлік Жастар форумы өтті

Жаңалықтар

Atr.kz/28 маусым, 2019 жыл. Жастар жылы аясында ағымдағы жылдың 27 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып еркін форматта өңірлік Жастар форумы өтті.

Форумның мақсаты – мемлекеттік қызмет жүйесіне белсенді, жаңашыл көзқарастағы жастарды тарту, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан тұлғаларға бос лауазымдарға орналасу тәртібін, мансаптық өсу жолдарын түсіндіру.

4493fd35 d9c1 441c 88bb 44588a7230cd

Аталған форумға спикер ретінде Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Шолпан Қайненова, Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы Гүлнұр Сүйеуова, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан қатысты.

Алғы сөзді Шолпан Айдынғалиқызы бастап, жастарға мемлекеттік қызметке түсу кезеңдері, тестілеу бағдарламалары, сынақ мерзімі, меритократия қағидаты бойынша толық ақпарат берді.

Әрі қарай, Гүлнұр Жалғасқызы сөз алып, мансап жолын бас маман лауазымынан бастап, меритократия қағидасы бойынша бөлім басшысы қызметіне ілгерілеп, ал қазіргі таңда аппарат басшысы лауазымын атқаратындығын айтып өтті. 

82369829 19df 4bb5 ac48 67a5724c3dd7

Келесі спикеріміз, облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Қабылұлы: «қазіргі таңда экономикамыз дамып, халқымыздың әл-аухаты артқан сайын мемлекеттік қызметкерлерге деген талап күшеюде. Себебі, мемлекеттік қызметшінің беделі – мемлекеттің беделі болып табылады» деп пікірін білдірді.

Форум еркін форматта өтіп, оған 100-ден аса жастар қатысты. Бұл форум ашық диалог түрінде өткендіктен, жастарда өз ойларын ортаға салды.

7be82b80 28b3 495b b4ae fcbde5dae299

Тәуелсіз мемлекетіміздің туын көтеріп, саясаты мен экономикасының дамуына да тың серпін беретін бүгінгі жас ұрпақ, оларға артылар үмітте аз емес. Форум соңын: «мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар, ал бұл тікелей жастардың біліміне, олардың ынта-жігеріне байланысты. Сондықтан да елімізде жастар секторына аса мән беріледі және  алдағы уақытта форум өз жалғасын табады» – деп, Шолпан Айдынғалиқызы қорытындылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған