4026

Атырауда ерекше бетперделер таратылды

Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/17 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының  қызметкерлері өзгеше бір акция өткізді.

Осы жексенбіде полиция қызметкерлері еріктілермен бірге қаладағы ықшам аудандарды, көшелерді аралап, өтіп бара жатқан адамдарға
» Есірткіге жол жоқ!» логотипі бар бетперделер таратты.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Таганиязовтың айтуынша,  акция мақсаты азаматтарға (әсіресе жастарға) есірткінің зияны туралы ақпаратты, сондай – ақ коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау туралы жеткізу.

«Маскаларды міндетті түрде киюді ешкім де өзгерткен жоқ, бірақ, біз акция барысында бетпердесіз жүргендерді   жауапкершілікке тартпай, қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау қажеттігін  және  нашақорлықтың алдын алу мақсатында жастарға  есірткінің зияны туралы да түсіндірдік», дейді  М.ТАҒАНИЯЗОВ.

Жалпы, тұрғындар  полиция қызметкерлерінің мұндай бастамасына оң көзқараспен қарап, берілген ұсыныстарды мұқият тыңдап, «қауіпсіздік  шаралары нәтижесін  береді,  жақын арада бұрынғыша өміріміз қалпына  келеді» деп ризашылықтарын білдірді.

Аталған акция Ішкі істер министрі   Е.З. Тұрғымбаевтың тапсырмасы аясында өткізілді. Бұл күні атыраулық полицейлер еріктілермен бірге қала тұрғындарына «Есірткіге жол жоқ»деген логотипімен 1500   бетперде табыстады.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған