Атырауда «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

101817380 1103832319999250 3921745551489499136 n Жаңалықтар

Аtr.kz/4 маусым, 2020 жыл. «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды.

🌐«Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында:

🏦«Қазақстан Тұрғын үй Құрылыс Жинақ банкі» АҚ-на

🏡«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ»🏡бағыты бойынша жолдама беру үшін құжаттарды қабылдау

Ағымдағы жылдың 🔴 3, 4 МАУСЫМЫНДА 🔴 жалғасатындығын хабарлайды.

Бағдарламаның шартына, сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған:

🔷️- төрт және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар (жоғарғы оқу орындары, колледжде және басқа оқу орнында күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда) көп балалы отбасылар;

🔷️- кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар (ажырасқан жағдайда неке бұзылған уақыттан бастап 3 жыл өтуі тиіс);

🔷️- отбасында мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар қатыса алады.

⭕Қажетті құжаттар тізімі:

✔Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірмесі);
✔Неке туралы куәлік (неке бұзу туралы, әкесі деп тану туралы, №4 нысан),
✔Туу туралы куәлік (тұпнұсқа және көшірмесі),
✔Мүгедектігі туралы анықтама (мүгедек болған жағдайда),
✔Меншік құқында тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне),
✔соңғы 6 айдың жалақысы жөнінде анықтама,

⏩Құжаттарды төмендегі мекен-жайға тапсыруға болады: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы №101а, №3 терезе.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз