Атырау қаласының қақ ортасында көпқабатты үй отқа оранды (+ВИДЕО)

img 20200215 wa0022 ATR.TV

Atr.kz/15 ақпан, 2020 жыл. Бүгін Атырау қаласында Махамбет көшесіндегі №121 көпқабатты үй өртенді.

Куәгерлердің бейнежазбасынан қызыл жалынның бесінші қабаттағы пәтерден тұтанғанын көруге болады. Одан әрі жоғары жылжыған жалыннан шатыр тұтастай жанып кеткен. Қазір оқиға орнына өрт сөндірушілер бригадасы жұмылдырылып, тілсіз жауды ауыздықтауда. Толық ақпарат анық-қанығы анықталғаннан кейін белгілі болмақ.

«Аtr-Ақпарат»

https://www.instagram.com/p/B8loOBEBwlh/?igshid=1ok86kuog78j
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз