Атырау қаласында «ерекше» жәшіктер пайда бола бастады… (+ФОТО)

img 20210329 wa0018 Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек өзінің «Фейсбук» парақшасында жазды.

– Күн өткен сайын Атырау қаласының көрікті жерлері көбейіп келеді. Бүгінгі таңда саябақтар, жағалаулар мен аллеялар халықтың көңілінен шығар демалыс орындарына айналып отыр. Ал, оның тазалығы – әр келушінің адами қасиетімен тікелей ұштасып жатқаны белгілі.

Аталған серуен орындарын таза ұстау мақсатында «Арнаулыавтобаза» ЖШС пластмасса бөтелкелерге арналған жаңа пішіндегі тор жәшіктерді орнатты. Әзірге бөтелке пішінді қоқыс жәшіктері Исатай-Махамбет алаңы мен жағалауға қойылған. Мекеме өкілдері алдағы уақытта бұлардың санын көбейтуді жоспарлап отыр.

Ендеше, «Атырау – таза қала!» ұранын бір сәт естен естен шығармай, сүйікті қаламызды тазалығына бірге атсалысайық, жерлестер! – деп жазды ол.

img 20210329 wa0022
img 20210329 wa0016
img 20210329 wa0023
img 20210329 wa0019
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз