Атырау облысында 37 жаңа мектеп салынады

Жаңалықтар

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

  • Білім беру саласында 37 жаңа мектеп салу арқылы облыс мектептерінде үш ауысымды оқыту және орын тапшылығы мәселелерін шешеміз. Сондай-ақ, Атырау қаласының Қызылқоға, Құрманғазы аудандары мен шағын аудандарында дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың, төрт спорт кешенінің құрылысы жоспарланған. Осының барлығы салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өңірде бұқаралық спортты дамытуға оң ықпал етеді, – деді Махамбет Досмұхамбетов.
  • Естеріңізге сала кетейік, 18 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» онлайн-брифинг берді.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз