Атырауда Қазақстан полициясының 25 жылдығына арнап бейнеролик түсірілді

20170606175211 Жаңалықтар

Қазақстан полициясының 25-жылдығы қарсаңында Атыраудың өрт сөндірушілері «Автокөліктегі өртті сөндіру» атты манекен-челендж дайындады, деп хабарлайды Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

20170606175211

Бейнеролик Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында түсіріліп, онда №1 өрт сөндіру бөлімі мен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Аслан Закраиловтың басшылығындағы қарауылдар қатысты. Роликте құтқару операцияларының элементтерін көруге болады, бірі өрт сөндіру жұмыстарын жүргізсе, бірі өртке оранған автокөліктен зардап шегушіні құтқарды.

Бейнетүсірілімнің мақсаты – өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті жұмысының қаншалықты жауапты екендігін көрсету. Роликті көрушілер шынайы жағдайдағы олардың іс-әрекеттерін көре алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз