Арнайы рейд арқылы анықталған ата-аналар құқығынан айырылуы мүмкін

55404009048166a9b9ebbdae901094c569f2f39b Жаңалықтар

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметі жетекшісі Мейірім Ердәулеттің сөзінше,ювеналды полиция қызметкерлері өз балаларын тәрбиелеумен тиісті түрде айналыспайтын, оларға дұрыс тәрбие беру үшін жағдай жасамайтын «немқұрайлы» ата-аналарды анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

  • – Күн сайын біз полицияға түскен барлық қоңыраулар мен хабарламаларды талқылап, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға ерекше назар аударамыз.
  • Мысалы, 2021 жылдың 1 наурызында №2 қалалық полиция бөліміне 1998 ж.т., азаматша хабарласып, 1983 ж.т, апасының үнемі мас күйінде келіп, арақ ішіп үйдің тыныштығын бұзатындығын және 2006 ж.т., жасөспірім қызының тәрбиесімен мүлдем айналаспайтындығы жөнінде арызданған болатын.

Арыз бойынша тексеру барысында, 37 жастағы азаматшаның мас күйінде далада жатқаны анықталды. 

  • Оған қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен әкімшілік іс қозғалып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
  • Сондай-ақ, осы ата-ананың мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралатын болады. Және бұл отбасы полиция органдарының профилактикалық есебіне алынды. Енді ювеналды полиция қызметкерлері осы отбасыға үнемі барып тұратын болады, егер де бұл ата-ананың алкогольдік ішімдіктерді ішкені байқалса немесе көршілерінен шағым келіп түссе, онда оларды ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе шешілетін болады, -дейді Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Садиров.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бастап ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды тәрбиелеумен тиісті деңгейде айналыспайтын 30 жуық заңды өкілді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз