Қала әкімі – филиал төрағасы

2018 08 08 124309708900 Жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясы өтті.

2018-08-08-124309708900

Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі аясында Атырау өңірінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың жайы қаралды.

Конференцияда «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының төрағасын сайлау мәселесі күн тәртібіне шығарылды. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев осыған дейін саяси ұйымға басшылық жасап келген бұрынғы қала әкімі Серік Шәпкеновтің облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалуымен байланысты, бұл орынға Атырау қаласының жаңадан тағайындалған әкімі, партия мүшесі Әлимұхаммед Құттұмұратұлының кандидатурасын ұсынып, өмірбаянымен таныстырды. Бұған дейін Махамбет, Жылыой аудандарының әкімі болған кезінде партияның аудандық филиалдарына жетекшілік етіп, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен танылғанын жеткізді.

Делегаттардың ашық дауыс беруімен Ә.Құттұмұратұлы партияның қалалық филиалының төрағасы, әрі саяси кеңесінің бюро мүшесі болып сайланды.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз