20 бірліктен астам мамандандырылған қысқы техника жолдарды қысқы күтіп ұстауға дайын

img 20221215 wa0060 Жаңалықтар

Атырау облысы бойынша өтетін 1125,6 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ішінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалының қызмет көрсетуіндегі 722,6 шақырым жол бар. Бүгінгі таңда жолдағы көктайғақтың алдын алу, сондай-ақ облыстың республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау шеңберінде үздіксіз және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында 800 тонна техникалық тұз, 3000 м3 құм дайындады.

Ал 20 бірліктен астам мамандандырылған қысқы техника жолдарды қысқы күтіп ұстауға дайындалған. Олар жолдарды қардан тазартумен, көктайғаққа қарсы материалды себумен айналысады. Сондай-ақ, жолдың барлық қарлы учаскелерінде жолдағы барлық ауа райы құбылыстарына дереу ден қою мақсатында жолшылармен тәулік бойы патрульдеу қамтамасыз етілді. Құрметті автомобиль жолдарын пайдаланушылар!

Жолда штаттан тыс жағдай туындаған кезде сіз әрқашан 1403 қысқа нөмірі бойынша «Қаз Авто Жол» ҰК» АҚ бірыңғай колл – орталығына қоңырау шала алатыныңызды еске саламыз.

Құрметпен, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау ОФ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз