Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, «Еңбек» бағдарламасы аясында 1070 адам алған грант және несие көлемі 2,6 млрд. теңгені құраған. Бұл өткен жылдың он бір айындағы мәлімет.
Аталған бағдарлама аясында 1 000 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 1 070 адам 2,6 млрд. теңге сомасында несиелер мен гранттар алды.
12 881 адам тұрақты жұмыс орындарына, 7 927 адам қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына тартылған.
Ал, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша облыста қысқа мерзімді оқуға 1 814 адам жіберілді. Техникалық және кәсіптік оқу бойынша 466 адам кәсіптік колледждерде оқуларын жалғастыруда.
