«Атыраудың» алғашқы жеңісі

Жексенбі күнгі жауын-шашынды ауа-райына қарамастан, Премьер-лига ойындарының бесінші туры өтті. Өз алаңында көршілес Орал қаласының «Ақжайық» командасын қабылдаған «Атырау» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Бұл ойын командамыз үшін ерекше маңызды еді, өйткені, өткен төрт тур бойынша қоржынымызда тек бір ұпай ғана болған. Сондықтан, ойыншылар барын салды. Алаңға шығысымен шабуылға беттеп, төртінші минутта-ақ есепті ашып тастады. Пшемыслав Трытко қонақтардың қақпашысымен бетпе-бет кездесіп тұрып, жартылай қорғаушы Павел Шабалинге допты ығыстырып жіберді. Ол өз кезегінде бос тұрған қақпаға гол салды. Араға он бес минут салып, алаң иелері есепті екі еселеді. Бұл жолы да Пшемыслав «ақжайықтық» қақпашыдан айласын асыра білді. Есеп – 2:0.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз