КЕШЕГІ ЖЕТІСТІК – БҮГІНГЕ ӨЛШЕМ ЕМЕС

Елбасының мәжілісшілердің ұсынысын қолдап, кезектен тыс сайлау өткізуді тағайындауын толық қолдаймын. Өйткені, өмір өз орнында тұрмайды. Кешегі толағай табысымызға бүгін тоқмейілсуге жол жоқ.

Әлем – кезекті дағдарыс құшағында. Оның қашан қалыпқа түсерін сарапшылардың өздері де айта алмайды. Міне, осындай сын сағатта елімізде Ұлт жоспары өмірге келіп, «Нұрлы жол» бағдарламасының қолға алынуы – Мемлекет басшысының көрегендігі. Алдымызда жүзеге асырылуы тиіс іргелі жобалардың нәтижесінде мыңдаған қазақстандық қызметпен қамтылып, жұмыссыздық мәселесі де оңтайлы шешіледі. Бұл – отандастарымыздың әлеуметтік ахуалы төмендемеуіне жасалып  отырған қадам.

Жалпы, біздің алдымызда ел экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету, көмірсутегі шикізатын өндіруді молайту, ілеспе газды тегін пайдалану, мұнай-химия өнімдерінің өзіндік құнын төмендету, ауылдарды өркендету сынды іргелі міндеттер тұр. Міне, Парламент пен жергілікті мәслихаттарға осындай елеулі мәселелерді шешуге атсалысатын, жауапкершілігі жоғары, жан-жақты білімді, жаңаша ойлай білетін жандар сайлануы  қажет.

Жолдасқали ТУҒАНОВ, еңбек ардагері,

Атырау қаласы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз