«Atyraý» газеті алғыс арқалаған күн

img 20220627 wa0120 Қоғам

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова бір топ қалам ұстаған қауымға құрмет көрсетіп, төл мерекелерімен құттықтады.

Қоғамда маңызды болып табылатын білім беру ісіне үлестерін қосып, түйіткілді мәселелерді шешуге түрткі болып, қалам тербеп жүрген журналисттің еңбегі өлшеусіз екені анық. Кәсіби мерекелері қарсаңында жергілікті БАҚ өкілдерін құттықтаған Айнагүл Байғанинқызы да тілшілер қауымының салаға қосып отырған үлестерінің зор екендігін атап өтті.

– Өңірде 200 мектеп болса, биылғы оқу жылын 138 000 оқушымен қорытындыладық. Білім беру жүйесі ауқымды. Қоғамға еніп жатқан жаңалықтармен, өзекті мәселелерге дереу үн қосып, оның шешімін табуға өзіндік ықпалын тигізетін БАҚ өкілдеріне ризашылығымыз шексіз. Әркез қоғамның құрметіне бөленгейсіздер! Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз, – деген А.Байғанинқызы басқармамен тығыз байланыста болып, белсенділігімен көзге түскен бірқатар БАҚ өкілдеріне Алғыс хат табыстады.

Аталған басқарманың алғысына бөленгендердің қатарында «Atyraý» газетінің арнаулы тілшісі Мәлике Қуанышева, шолушы Гүлжан Әмірова мен фотограф Ерлан Алтыбаев та бар.

Өз тілшіміз

img 20220627 wa0117
img 20220627 wa0118
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз