КҮЗ НЕГЕ КӨҢІЛСІЗ?

Күз мезгілін бұрын жақсы көретін едім. Бірақ, биыл...
Жұмыс аяғында қызмет бабымен кабинетіме кіріп келген ол менің алдағы өмірімді бір-ақ сәтте өзгертіп сала берді. Менің басымның бостығын білген сәтте, ол менімен ашық болуға ниеттенгенін білдіріп, отбасылы екенін бірден жайып салды.

 

Бірақ, бұның барлығы екеуміздің арамыздағы сезімге тосқауыл бола алмады. Мен махаббаттың дәмін татып, бақытты екенімді сезсем, ол да кеш кездескенімізге өкініп, мені қимайтындығын айтты. Осылайша жүре берсек, қоштасудың қиын болатындығын ішім сезгендіктен, мен одан алыстай бердім.
Телефон тұтқасын алмай, іздеп келгенде, кабинетімді іштен жауып алып, қашқақтай бастадым. Ол менен үмітін үзіп, мүлдем хабарсыз кетті.
Бір күні жұмыстан ерте шыққан болатынмын, жаяулатып үйге бара жатқанымда таныс дауысты естіп, жалт қарадым. Сөйтсем, ол баласын бақшадан алып, шығып бара жатыр екен, қасында – келіншегі. Олардың жайдары кейіптерін көріп, дұрыс қадам жасағанымды сездім. Енді күздің сұрықсыз күндері мені ол туралы ойларға жетелей береді. Тезірек, қыс басталса екен…

Жазира М.,
37 жаста,
Махамбет ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз