ЕЛ ҚУАТЫН ЕСЕЛЕЙТІН БАСТАМА

Жуырда Қызылқоға аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында ұжым қызметкерлері арасында Ұлт Көшбасшысы – Елба­сы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылаған жиналыс болды.

 

Жиналыста аудан әкімі Мақсот Мұқанов баяндама жасады.  Аудан әкімі «Ұлт жоспарының» 82-ші қадамындағы мәселеге арнайы тоқталды. Медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стан­дарттарын енгізу, емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау бүгінгі күннің талабы болып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, жиналыста дәрігерлердің еңбектеріне адал болуы және халық денсаулығының рейтингін көтеру керектігі де баса айтылды.

Жиналыста аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Бисенова, дәрігер Айгүл Алтаева және аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Самат Тайшыбай сөйлеп, ең бастысы, барлық бес реформа қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын атап айтты. Президенттің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары біздің елімізді мем­лекеттік құрылыстың жаңа тарихи деңгейіне алып шығады. Бес реформа – 5 күш векторы, олар қосыла келгенде Қазақ­стан­ның табанды түрде тек қана алға басуын айқындайды. Астанадан өңірлерге қарай тарайтын автожолдар желісі тартылады. Бұл елдің барлық өңірлерінің теңгерімді да­муына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Экономикалық дамудағы, сон­дай-ақ, әлеуметтік-демографиялық тұрғыдағы сәйкессіздіктер азай­тылады. Шағын және орта бизнес өндіріс шығындарын азайта алады, мұның өзі  шекті деңгейден өңірлік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды. Соңынан аудан әкімі Мақсот Мұқанов  дәрігерлердің қойған сауалдарына жауап берді.

Мағрупа ҚАЗИХАН.

Қызылқоға ауданы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз