Жаңа маусым көрерменді тәнті етті

pasmrit3 Мәдениет

МАХАМБЕТ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ 85-ШІ МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНДА ЕРКІН ФОРМАТТА БАСПАСӨЗ ЖИЫНЫ ӨТТІ. ОНЫҢ АЯСЫНДА ЖУРНАЛИСТЕР ТЕАТР ҰЖЫМЫНА КӨКЕЙДЕ ЖҮРГЕН САУАЛДАРЫН ҚОЙЫП, ЖАУАБЫН АЛДЫ.

Театрдың көркемдік жетекшісі, бас режиссер, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты Мұқанғали Томанов жаңа маусымның «Адамзаттың Айтматовы» атанған ұлы қаламгер Шыңғыс Айтматовтың повесі негізінде қойылған «Жәмила» драмасымен ашылуының тегін еместігін айтты. Маусымашар туынды соғыс тақырыбын қозғайтындықтан таңдалып алынған. Себебі, бұл – бүгінде өткір мәселе. Ал, театр – қоғамның шығармашылық сұранысын қанағаттындыратын бірденбір ұлы өнер ордасы. – Биыл 23-27 қараша аралығында облыстық әкімдіктің қолдауымен төртінші рет Рахымжан Отарбаев атындағы ре спубликалық театр фестивалі өтеді деп жоспарлануда. Оған біздің театр «Сұлтан Бейбарыс» қойылымымен қатысады. Сондайақ, қарашада Алматы қаласында сәттілік тіледі. Ал, қойылымды көрермендер ерекше назармен тамашалады. Бұрыннан таныс «Жәмила»- ның сахналық нұсқасына көрерменнің шын риза болғаны қойылым соңындағы орындарынан тік тұрып қол соққан құрмет пен қошеметтен аңғарылды.

56312

Ре ж и с с е р М ұ қ а н ғ а л и Тома н о в , республикалық театр суретшілерінің көрме-фестивалі өтпек. Оған театрдың суретшісі, сценограф Тимур Коесов қатысады, – деді театрдың бас режиссері. Б ұ д а н б ө л е к , т е ат р ұ ж ы м ы Максим Горькийдің «Түбінде» («На дне») повесі мен Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгіме сін сахналап, ежелгі грек драматургі Софоклдың «Антигона» туындысын көрерменге ұсынбақшы. Сонымен қатар, балаларға арналған «Қаңбақ шал», «Ақшақар және жеті гном», басқа да қойылымдар бар. Бүгінде барлық саладағы басты мәселе – маман тапшылығы театр әлемін де айналып өтпепті. Қалғаны жергілікті бюджет есебінен шешіліп келеді. Ал, «Жәмила» драмасын тамашалауға келген көрерменнің қарасы қалың болды. Залда ине шаншар бос орын жоқ. Театрға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев ш ы ғ а рм а ш ы л ы қ ұ ж ы м д ы ж а ң а маусымның ашылуымен құттықтап, сценограф Темірбек Мұхтаров, костюм суретшісі Бибігүл Мусина, басқа да шығармашылық топтың шеберлігі қойылымды әсерлі сахналады. Әрине, прозалық шығарманы сахна тіліне аудару оңай емес. Ал, режиссер кейіпкерлердің көңіл-күйін көп сөзбен емес, әдемі ісқимылмен жеткізуге күш салғаны айқын аңғарылып тұр.

nprolьdb

Тағы бір атап өтерлік жайт – аталған драмадағы Жәмиланың енесін образын атақты «Әдемі-ау» әнінің дүниеге келуіне себепші болған, бүгінде 83 жастағы театр актрисасы, Қарақалпақ АКСР-нің халық әртісі Әдемі Сисекенова ойнады. «Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді» деп басталатын Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің ел жадындағы әсем әніне кейіпкер болу да кез-келгеннің маңдайына жазылмаған бақыт шығар, бәлкім!

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз