Фельдшерді ұрған күдікті ұсталды

img 20240502 wa0030 Жаңалықтар

Атырау қаласында 1 мамыр күні түнгі сағат 03:40 шамасында «жедел жәрдем» қызметінің фельдшерін ұрып-соққан 20 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, наркологиялық тексеру нәтижесінде күдіктінің жеңіл дәрежелі мас екені анықталған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тәртіп бұзушы қамауға алынып отыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз