Сарайшықты суреттеген кеш

korni poetov na nebesah scaled 1 Мәдениет

«Батырған мұңға

Орыстың ойлы орманын,

Теңселткен сесі

Қытайдың қалың қорғанын.

Жүрегі сынды,

Нұр-өңі сырлы Сарайшық – Айбары Алтын Орданың!..» деп, саф Сарайшыққа тұтас бір дастан арнаған Маралтай Райымбекұлы сегізінші бабасының кіндік қаны тамған Жайық өңіріне табан тіреп, Атырау жұртына рухани дем берді.

Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры ұжымы ұсынған театрландырылған көріністі тамашалағандар тура сол ғасырда жүргендей, Сарайшықтың сырлы келбетін одан əрі ұға түскендей күй кешті. Билеуші Берке ханның ұл орнына ұл, қыз орнына қыз болған перзенті Хисса-дин ханшаның Бейбарыс сұлтанға ұзатылуы, туған жері – Сарайшықпен қоштасуынан басталып, Дамашық шаһарында орта ғасырда өрбіген тарихи оқиғаны тірілткен ақынның еңбегіне руханият əлемі өте жоғары баға берді.

kenglobь

К і т а п т ы ң т ұ с а у ы н к е с к е н Қазақстанның Еңбек Ері, өнер зерттеушісі, композитор Ілия Жақанов бұрын-соңды мұндай туындының жарыққа шықпағанын, бұл кештің енді ұмытыла қоймайтынын ерекше атап өтті. Маңғыстаудан осы кешке арнайы келген ақын Светқали Нұржан жыраулар поэзиясының көкірегінде сөніп бара жатқан отты, Махамбеттің кеудесінен жұлынып кеткен басымен бірге құлаған рухты қайтадан тірілтіп, күллі қазақтың кеудесіне қондырған ізін басқан інілерінің бірі Маралтайдың еңбегіне ризашылығын білдірді. Атырау облыстық мəслихатының хатшысы Əлібек Нəутиев тəуелсіз елдің поэзиясының керегесін кеңейтіп, шаңырағын көтеруге үлес қосқан ақынға Атырау халқының атынан шапан жауып, құрмет көрсетті. Сөз кезегі келгенде кеш иесі – Маралтай ақынның өзі де шығармашылық кешіне өзінің аяғымен емес, жүрегінің қалауымен келген үлкен-кіші бауырларына бас иіп, жүрекжарды лебізін айтты. – Сөз жоқ, «Аруана» поэмасы – үлкен жетістік. Кіріспесі жетім ботаның зарымен «Жайық ақса…» деп басталатын шығарманың құрылымы шымыр, негізгі идеяны ақтап алу үшін пайдаланылған «лабораторияның» кеңдігі көрініп тұр.

uksher5

Маған назар тіктеткен мына деталь – Дамашық шаһарында өлтірілген Берке сұлтан қабірінің басындағы анасы Хисса-дин ханшаның халі кəдуілгі «Əлқисса» түрінде беріліп, бұл тəсілді шығарма өзегіне жайып жібереді. Əрине, бұл қалымдап өтіп кету арқылы аттап суреттеу емес, форма жасаудағы бейсаналы əрекет болуы да мүмкін. Анығы – əуелі Аллаға, сосын Маралтайдың өзіне аян. Осы ерекшелік, негізінен, ауыз əдебиетіндегі уақиғалы жырлардан бастау алатын, сюжеті қысқа поэмадан гөрі, сюжет құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, жанжақты мүсіндеуге құрылған романдық сипаттағы эпикалық жыр табиғатына келіңкірейді. Түркі эпосында, оның ішінде қазақ эпикалық жырларында, ф о р м у л д а р м е н ф о р м у л д ы қ сөйленістердің мол екені дəлелдеуді қажет етпейді. Ал, Маралтайдың бұлақ бастауы ғасырларды көктей өтіп, жолындағы кедергі атаулыны тал бойына сіңіріп алып келе жатқан осы арналы ағыспен бір ізді басатындықтан, оның шығармашылығын толайым эпоспен салыстырмасақ та, эпикалық шығармаларға тəн заңдылықтар аясынан тысқары қарастыра алмаймыз, – деді кеш қонағы, фольклортанушы ғалым, эпикалық жыршылық, орындаушылық үрдістің көрнекті өкілі Берік Жүсіпов. Кітаптың таныстырылымынан кейін ақын Маралтай Райымбекұлы сахна төріне көтеріліп, өзінің рухты жырларымен жырсүйер қауымның қошеметіне бөленді.

Салтанат САНСЫЗБАЙ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз