Мәдениет қазығының бастауы

M deniet Мәдениет

Қазақтың тарихы пышақтың қырындай емес, әлі де зерттеліп-зерделеуді күтіп тұрған том-том кітаптар ұлт жадында тұр. Түп тамырымызды түгендесек, сақ дәуірінен бастау алады. Мақалада айтылған Ұлы даланың жеті қырының бірі – Алтын адам. Қазақ жерінен бір емес, алты Алтын адамның табылуы қазақтың жерінің тұнған тарих, ашық аспан астындағы музей екенін дәлелдейді.

Мәдениет

1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылып, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған Алтын адамнан кейін де төрт алтынмен апталған сақ жауынгерлері мен сақ ханшайымы табылды. Сол Алтын адамның бірі өзіміз туып-өскен кең Жылыой жерінен табылды. Бұл жауынгерлер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасағандығын көрсетті.

Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартты. Демек, Елбасымыз айтқандай, зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.

Мұрат Қақпанбаев,

Жылыой аудандық музейінің директоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз