«Күй күмбірі” челленджі бастау алды

img 20240320 wa0089 Мәдениет


Бүгін еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі»республикалық челленджі өтті.

Бір уақытта бір миллионнан астам оқушы Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» және т.б. күйлерін орындап, көптің көңілін көтерді. Аталған тағылымы мол шарада біздің өңірдің 14000-ға жуық жас-домбырашысы өнер көрсетіп, челленджге үн қосты.

Мәселен, бір ғана Құрманғазы саз мектебінен 50 оқушы өнерпаз қатысты.
Білгеніміздей, домбырашылар челленджі-бұл өткен жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Наурыз қарсаңындағы кең ауқымды республикалық акция.
Айта кетелік, елімізде мектептер мен колледждерде барлығы 1 мыңға жуық домбыра үйірмесі, оның ішінде 100 мыңға жуық жас домбырашы үйірмесі бар.


Ақарыс АЙДАРБЕК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз