Жылыойға көмек көрсеткендерге алғыс айтылды

auacuacaca e1714480482263 Жаңалықтар

Су тасқыны басталғалы Жылыой ауданына 937,90 тонна гуманитарлық көмек келген. Аудандық қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаевтың мәлімдеуінше, қазір гуманитарлық көмек тұрғындарға төрт пункт арқылы таратылуда, – деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.
–Жылыойда Жем өзенінің су деңгейі көтеріліп, аймақты су басуына байланысты Құлсары қаласына әр өңірден салмағы 937,90 тонна болатын гуманитарлық көмек жеткізілген болатын. Қиындық кезінде көмек көрсетіп жатқан барша қазақстандықтарға алғыс айтамыз, – деді қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев.
–Мәселен, осыдан екі күн бұрын Шымкент қаласынан шыққан 3 тоннаға жуық гуманитарлық көмек Жылыойға жетті. Шымкенттік құм-тас сатушы бір топ ерікті кәсіпкерлер Құлсары қаласы халқының қиындығын жеңілдету мақсатында 1 жүк машина көлемінде гуманитарлық көмектерін әкелді. Мұндай көмек еліміздің түкпір-түкпірінен жеткізілуде, – дейді Е.Дәулетбаев.
Айта кету керек, қоғамдық штаб Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, №9 орта мектеп ғимаратының акт залында қызмет көрсетуде. Байланыс телефондары: 8 700 245 9329, 8 775 711 83 54, 8 775 361 14 38.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз