Әріптесіміз таңдаулы төрттікке енді

img 20240430 wa0089 Жаңалықтар

Мамырдың мерейлі мерекелерінің қарсаңында еліміздің оңтүстік астанасы
– Алматыдан алыстағы Атырауға жағымды хабар келіп жетті. Әріптесіміз,
облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің фототілшісі Ерлан Алтыбаев республикалық «Деректі фото» конкурсының сертификатына ие болды.

Ол еліміз бойынша байқауға қатысып, бақ сынағандардың
арасынан ұсынған жұмыстары «үздік» деп танылған 20 қатысушының ішінен
тақырыбы мен мазмұнына, конкурс талаптарына сай келуіне байланысты
таңдаулы төрттіктің қатарына енді. Ерлан Алтыбаев бұл жеңісімен редакцияның мерейін тасытып, мәртебесін асқақтатты.

Айта кету керек, тұңғыш рет өткізілген «Деректі фото» конкурсын
қорытындылауға арналған салтанатты жиын республика Ұлттық кітапханасының ғимаратында ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсімнің соңында жеңімпаздар ұлықталып, марапатталды. Солардың санатынан орын алған Ерлан Сәкембайұлын шығармашылық еңбегінің жемісімен, жеңісімен құттықтаймыз! Болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!

Редакция ұжымы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз